Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
5451
 Эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр

Астанада ерекше сәнді етіп тігілген эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр. Ресейдің «Союз меха» компаниясы қыз-келіншектерге осындай тарту жасауды ұйғарған. Арнайы ұйымдастырылған тондар жәрмеңкесінде талғамыңызға сай өзіңіз қалаған тонды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Көрмеде ішіктер мен тоңдардың 5000-нан аса түрі қойылған.

Жәрмеңкеде көздің жауын алатын тондардың сан алуан түрі бар. Олардың арасынан таңдау жасау да оңай емес. Бағалы киім алуға Шымкенттен арнайы Астанаға келген ерлі зайыптылар да асықпай қарап жүр. Ақырында қара күзен терісінен тігілген жылы да, киюге ыңғайлы ішік өз иесін тапты. Жұбайынан осындай тамаша сыйлық алған Күләнда апайдың қуанышында шек жоқ.

Күләндә Хасанова, сатып алушы:

Скидкамен бүкіл жағдайын жасап халықтың, біз сияқты әсіресе пенсионерлер апаларға жағдайын жасап, қарап беріп жатыр. Рахмет қыздарға.

Жәрмеңкеде орын тепкен тондар мен ішіктердің кең таңдауы көңілден шығады. Талғампаз ханымдар үшін сапасы жоғары, әрі барынша сәнді етіп тігілген бұлғын ішіктер бар. Құндыз, қаракүзен сияқты бағалы аң терілерінен дайындалған тондар да түр түрімен қатар тізілген. Мұндағы ішіктер өндірушілерге негізінен Канада, Дания, Финляндия, Австрия елдерінен жеткізіп отырады.

Марина Әлімханқызы, сатып алушы:

Бұл жердегі шубалар маған қатты ұнады. Өте жақсы әсердемін. Өйткені мен бұл жерде жәрмеңке болып жатқанын білген жоқпын. Төмендегі жігіттер бізге түсіндірді. Бірақ келсек, неден көп тондар.

«Союз Меха» компаниясы мутон мен түлкі терісінен жасалған ғажап тондардың да сан алуан түрін ұсынып отыр. Сапалы ішік  сатып алу үшін өзге елге барудың қажеті жоқ. Әр қазақстандықтың талғамына сай барлық стильдегі тоңдар мұнда  жетіп артылады.

Мөлдір Асқанова, кеңес беруші-сатушы:

Бағалары жеңілдікпен. 40 пайыз жеңілдікпен беріледі. Рассрочкаға, яғни бөліп төлеуге де болады бір жылға. Несиеге үш жылға дейін алсаңыздар болады.

«Союз меха» компаниясының тондар жәрмеңкесі шілде айының 23-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Диана САПАРҚЫЗЫ