Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы үшінші кезеңде ойын көрсетеді

AstanaTV
25.07.2017ж. 20:00
2812
«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы үшінші кезеңде ойын көрсетеді

Ертең «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы үшінші кезеңде ойын көрсетеді. «Астана» клубының польшалық «Легия» клубынан басым түсер мүмкіндіктері бар ма және «Қайрат» футбол клубын қандай өзгерістер күтіп тұр? Дәуренбек Бақдәулетұлы айтып берсін. «Легия» Астанаға 22 футболшысын әкелген. Бұған «онда комбинациялық ойын көрсете алатын мықты ойыншылар көп» - деп қазақстандық клубтың бас жаттықтырушысы үрке қарап отыр. Мамандар польшалық клубтың мерейі басым түседі деп топшылайды. Мұны Астана бапкері де мойындады. "Себебі бұл басқа деңгей" дейді ол. Жеңімпаз команда ЧЛ-ның плей-офф кезеңіне жолдама алады. Ал, бұл кемінде Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік бар деген сөз.

Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:

Мен шәкірттеріме дөрекі ойын көрсетіңдер деуден аулақпын. Ойынды жүйеге келтіріп жүргізу қажет. Бізге командалық ойын көрсету маңызды. Егер біз жан-тәнімізбен беріліп ойнасақ, онда жеңіске мүмкіндік бар, әрине.

Алматылық «Қайрат» «Скендрбеуге» қарсы ойында ұтылып, Еуропа лигасынан шығып қалғаны белгілі. Осының ертеңісінде-ақ бас бапкер  Кахабер Цхададзе «жұмыстан кетемін»-деген. Мұндай нәтиже клуб басшыларына да, жанкүйерлерпге де жақпайтыны рас. Команданың ресми сайтында Қайрат Боранбаев құраманы жаңартуды қолға алды деген ақпарат тараған. Соңғы кезде күрт нашарлаған көрсеткіштер құрамды дәл маусым барысында жаңартуға әкелген сыңайлы. 

Қайрат Боранбаев, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы:

«Бізге бірінші орында ойнай алатын және ойнағысы келетін футболшылар керек. Қазіргі құрамның басым көбі қалмауы да мүмкін.

Алайда қалғандардың қасында мықты, нәтижеге қол жеткізгісі келетін команда құрамыз деп сенеміз. Қалтасын қалыңдатқысы келетіндерге орын жоқ»

Хоккейден әлемнің 3 дүркін чемпионы, белгілі хоккейші Денис Зарипов допинг қолданғаны үшін 2 жылға ойыннан шеттетілді. Бірнеше атақты кубоктарға қол жеткізген ол 56 ойында 16 шайбы соққан. Мұнан өзге «Адмиралдың» қорғаушысы Андрей Конев  және Дерек Смитте Зариповтың күнін кешіп отыр.