Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Доминикан елі Қазақстанмен серіктестікті жоспарлап отыр

AstanaTV
07.08.2017ж. 20:00
2438
Доминикан елі Қазақстанмен серіктестікті жоспарлап отыр

Доминикан Республикасы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтпақ. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесінде Доминикан ұлттық күніне арналған баспасөз жиынында Үндістандағы Доминикан елшісі мәлімдеді. Айта кетсек, Доминикан Республикасы - Латын Америкасындағы жалпы ішкі өнімі жоғары көшбасшы мемлекет.

Ханс Данненберг, Доминикан Республикасының Үндістандағы елшісі:

Жыл сайын бізідің елде демалуға келетін қазақстандықтардың саны артып жатыр. Ешқандай кедергісіз, тікелей рейстермен ұшу үшін, екі елдің жұртшылығына қолайлылығы болуы үшін, "Эйр Астана" компаниясымен келісімшартқа отырдық. Біздің елдің ЭКСПО-2017 көрмесіне ат салысып жатқанына қуанамыз. Біз Қазақстанның Орта Азиядағы стратегиялық серіктестігі болғымыз келеді.

Доминикан елінің ұлттық күні ресми ашылғаннан кейін концерттік бағдарламамен жалғасты. Атақты Гремми сыйлығының иегері Санди Габриель көрермендерді өз әуендерімен тәнті етті.