Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Прожектситигруп» құрылтайшысы «Бәйтерек Девелопмент» басшыларына пара бергенін мойындады

AstanaTV
17.11.2017ж. 20:00
2003
«Прожектситигруп» құрылтайшысы «Бәйтерек Девелопмент» басшыларына пара бергенін мойындады

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында «Прожектситигруп» серіктестігінің құрылтайшысы «Бәйтерек Девелопмент» басшыларына бірнеше рет пара бергенін мойындады. Бұл іске өзге амалы қалмағандықтан барғанын айтады. Қанат Смағұловтың сөзінше, «Бәйтерек Девелопмент» өкілдері түрлі сылтауды алға тартып құрылысты тоқтатпақ болған. Мұны  пара алу үшін жасағанын түсіндім дейді ол. Мемлекеттік бағдарламамен салынған құны 2 миллиард 160 миллион теңге тұратын Ақсу мен Павлодардағы көп қабатты үй құрылысынан түрлі ақау тапқан. Соңында компания басшысы мәселені шешу үшін келісім жасасқысы келіп, Аслан Жақыповқа жолыққанын жайып салды. "Жобадағы ақшаның 10 пайызымен бөліссең, яғни 200 миллион берсең, мәселені шешеміз деп уәде берді" дейді. Арада жүрген делдал Бауыржан Әйтімбетов ақша сұратқанда, параның алғашқы бөлігін беріп жібердім, дейді жауапкер. 

Сотта Қанат Смағұловтан өзге тағы 3 күдіктіден жауап алынды. Атышулы Бишімбаев ісі әлі де жалғасады.

Диана САПАРҚЫЗЫ