Негізгі / Жаңалықтар / «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясы басталды

«Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясы басталды

Бүгін Бүкіләлемдік балалар күні. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясы басталды. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам бала қатысып отыр.

Жиынға мүмкіндігі шектеулі балалар, ғылым, білім саласында жетістіктерге жеткен дарындар, сонымен қатар өнер, шығармашылық сынды өзге де бағыттар бойынша көш бастаған оқушылар шақыртылды. Ұйымдастырушылардың көздегені - балаларды тыңдау, олардың қандай мұқтаждығы барын анықтап, мемлекеттік органдарға жеткізу. Айта кетерлігі, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасының кураторы ретінде Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева таңдалды.

Зағипа Балиева, Бала құқығы жөніндегі уәкіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қандай кемшіліктеріміз бар, қай жерді жою керек, қай жерге заңдарға және құқықтық нормативтік актілерге қай жерге өзгерістер енгізу керек, не ұйымдастыру керек, қай жерде балалардың жағдайы қиын, қай жерде Үкіметке айтамыз, қай жерге көңіл бөлу керек, қай жерге ақша бөлу керек, не істеуіміз керек. Ауыз су болсын, мектеп болсын, сабақ болсын, спорт болсын, оған жағдай жасау керек, соны талқылаймыз, балалардың жағдайын жақсартамыз. 

Бала құқығы жөніндегі уәкіл институтытының құрылып, жұмыс істеп жатқанына 1 жылдан асты. Жақында "Нұр Отан" партиясы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісім жасасып, бала құқықтарын қорғау мүмкіндігі артпақ.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Балаларға мейірімді Қазақстан конференциясы мемлекеттік органдар мен халықаралық және ұлттық қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіретін дәстүрлі  диалог алаңына айналды. Партия бірақатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Олар ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, қиын жағдайға қалған балалар мен отбасыларының және жастардың мәселелерін шешуге бағытталған.