$455 €498.77 ₽5.56

Жамбылда 23 күнен бері жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірім әлі күнге дейін ес жиған жоқ

AstanaTV
23.11.2026ж. 19:00
Жамбылда 23 күнен бері жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірім әлі күнге дейін ес жиған жоқ

Жамбылда 23 күнен бері жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірім әлі күнге дейін ес жиған жоқ. Дәрігерлер он күнен бері санавацияның көмегімен облысық ауруханаға ауыстырса да оң алмай жатыр. Жағдайы ауыр. Осыдан үш апта бұрын 15 жастағы оқушы әлімжеттіктің салдарынан аудандық аурухана төсегіне таңылған еді. Ес түссіз жатқан жеткіншек өкпенің жасанды желдету аппаратында екінші деңгейлі комаға түскен болатын. Ал қазір жасанды желдету аппаратынсыз тыныс ала бастаған. Әлімжеттік әрекет Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылында болған. Туыстарының айтуынша, дүкеннен сусын алып келемін деп кеткен ұлдарын ауыл балалары ұрып соқан. Кеуде тұсынан алған соққыдан оқушы есінен танып қалған. Зардап шеккен 2011 жылғы бала бірнеше аптадан бері өмір мен өлімнің арасында жатыр. Құзырлылар бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күш көрсеткендер қамауға алынған. Жәбірленушінің жақындары тергеудің әділ жүргенін қалайды. Дәрігерлер қолдан келген барлық медициналық көмекті көрсетіп жатырмыз деп отыр.  

ӘСЕЛ ШОРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Баланың гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақталғанына байланысты санавиация желісімен ауыстырылған болатын. Баланың ауыстырғандағы жағдайы өте ауыр. Өкпенің жасанды желдету аппаратында болған. + 0 56 Қазіргі таңда баланың есі анық емес кома жағдайында. Қазіргі таңда бізде толық ем шараларын алып жатыр. Және жіті бақылауда.