Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан биыл алғаш рет Жапонияға көмір экспорттады

Қазақстан биыл алғаш рет Жапонияға көмір экспорттады

Қазақстан биыл алғаш рет Жапонияға көмір экспорттады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Күншығыс еліне 9,3 мың тонна көмір жөнелтілген. Сондай-ақ Финляндияға 2,7 млн тонна қатты отын шығарылды. Қазақстан көмірін негізінен Ресей импорттайды. Яғни бұл елге экспортталатын өнім 21 млн тонна.

Биылғы 10 айда Қазақстанда көмір өндірудің жалпы көлемі 86,6 млн тоннаны құраған. Оның 61,8 млн тоннасы ішкі нарықты қамтиды. Ал шамамен 23,4 млн тоннасы шет елдерге экспортталған.