Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қытай инженерлері визалық қиындықтарға орай Қазақстанға келе алмай жатыр

AstanaTV
27.11.2017ж. 20:00
2576
Қытай инженерлері визалық қиындықтарға орай Қазақстанға келе алмай жатыр

Біздің елдегі қытайлық инвесторлар білек сыбанып жұмысқа кірісе алмай отыр. Бұл- визалық қиындықтарға байланысты. Әңгіме Ақмола облысындағы «Тайынша-Май» зауыты туралы. "Айцзюй" агро-индустриалды логистикалық паркі жобасының құны 20 млн доллар. Бұл ақшаны Қытай инвесторлары құйып отыр. Қазақстан тарапынан жер телімі беріліп, біздің аграршылар шикізат өнімдерін зауытқа сататын болған. Кәсіпорынның ашылғанына жарты жыл болды, алайда, кешен әлі толық іске қосылмай келеді. Өндірістік қуаты тәулігіне 1 мың тоннаға жуық май шығаруға шақталған. Алайда не бары 40 пайызға жұмыс істеп келеді, - дейді «Тайынша-Май» серіктестігінің басшысы. Еңбек визасындағы қиындықтарға орай қытайлық инженерлер Қазақстанға келе алмай жатқан көрінеді. 

Фань Лунь Фэй, «Тайынша-Май» ЖШС бас директоры:

Егер мамандарымыз жергілікті халықты оқытуға мүмкіндік алмаса, біз осы 40 пайыздық көрсеткіштен аса алмаймыз. Мұнда жоғары технологиядағы құрылғылар орнатылған.  Монтаж жасап, техниканы баптау үшін білікті мамандар қажет. Еңбек күшін үйрету де ұзақ процесс. Зауытта қазақстандық мамандар жұмыс істегенін қалаймыз. Қазірдің өзінде 60 адам еңбекпен қамтылды.

Шикізат жергілікті фермерлерден сатып алынады. Бағасын кәсіпкерлер палатасы мен ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді. Күнбағыстың 1 тоннасы 90 мың теңге көлемінде. Инвесторлар жыл сайын 300 мың тонна өнім алмақ ниетте. Егер кәсіпорын толық қуатында жұмыс істесе Қытайға май өнімдерін экспорттау 120-150 мың тоннаға дейін артады.

Фань Лунь Фэй, «Тайынша-Май» ЖШС бас директоры:

Бізге қазақстанық өнімнің сапасы ұнайды. Себебі химиялық улы заттар жоқ, таза сапалы өнім. Мұнда барлығы жоғарғы стандарттарға сай. Оның үстіне жергілікті компанияларға бәсекелес емеспіз, сондықтан алаңдауға да негіз жоқ.