$511.18 €530.6 ₽5.28
×

«Жас Отан» жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасының қатысушылары сұқбаттасудан өтті

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
3226
«Жас Отан» жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасының қатысушылары сұқбаттасудан өтті

Оқу орынын енді бітіріп, қызметке тұрғысы келген жастардан «еңбек өтілімін» талап ететіндер көп. Ал дипломын қолына енді алған түлекте еңбек тәжірибесі болмайтыны хақ. Салдарынан көптеген жас мамандар әлі де жұмыс таба алмай келеді. 

Осы олқылықтың орынын жою үшін «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған "Жас Отан" жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы кезекті маусымының қатысушыларымен сұқбатасу өткізді. Оған еліміздің Мәдениет және спорт, Әділет, Ұлттық экономика министрлігі мамандарымен қатар, бірнеше жетекші холдингтер мен  ұлттық компания өкілдері қатысты. Барылығы жұмысқа тұрғысы келетін 275-ке жуық үміткермен пікір алмасты. Енді бос орынға сай келетіндерін 3 айлық тегін тәжірибеге алмақ. Ал, реті келіп, өз біліктілігін көрсетіп жатса, аталмыш орынға қызметте қалу мүмкіндігі де бар.

Өз мамандығыма байланысты немесе мемлекеттік қызметкер болсам деймін. Өзім де осы жақында ғана мемлекеттік қызмет сынағынан өткен болатынмын.

Алуа Төлеуханқызы, Әділет министрлігінің өкілі:

ҚР мемлекеттік қызметкері қандай болуы керек? Біріншіден, елінің патриоты болғаны жөн, екіншіден, жауапкершілік болу керек, үшіншіден, білімді болу керек, төртіншіден, адамдармен жұмыс істей алатын қабілеті болуы керек. Міне, осының бәрін үйлестірсе, одан жақсы қызметкер шығады деп ойлаймын.