$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ президенті Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы заңға қол қойды

AstanaTV
01.08.2017ж. 20:00
2266
АҚШ президенті Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы заңға қол қойды

АҚШ президенті Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы заңға қол қойды. Ал оларды болдырмау үшін, Мәскеу өзіне алған міндеттерді орындауы тиіс. АҚШ вице-президенті Майк Пенс осылай деп мәлімдеді. Америка тарапы санкциялардың жойылғанын қалайды. Бірақ Ресейдің соңғы әрекеті міндеттерді орындамайтынын көрсетеді, - деді Майк Пенс.

АҚШ-тың жаңа санкциялары Ресейдің ашуын тудырды. Владимир Путин 755 америкалық дипломатты қысқарту туралы шешім қабылдап, олардың тез арада елден кетуін талап етті. Осылайша Америка дипломаттарының саны Ресейдің АҚШ елшілігіндегідей 445 адамды құрайтын болады. Мұны Ресей президенті АҚШ Сенаты антиресейлік санкциялар туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін жариялады. Конгресс мақұлдаған заң жобасында Иран мен Солтүстік Кореяға да санкциялар енгізу қарастырылған.