Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жекеменшікке өткен жайылым жерді мемлекет халыққа бірлесіп пайдалану мақсатында қайтарып бермекші

AstanaTV
08.12.2017ж. 20:00
3629
Жекеменшікке өткен жайылым жерді мемлекет халыққа бірлесіп пайдалану мақсатында қайтарып бермекші

Билығы жылы қабылданған "Жайылым жер туралы" заң әлі күнге дейін өз деңгейінде жұмыс істемей отыр. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының "Агросектор бағыты" бойынша комиссия отырысында талқыланды. Жиынға қатысушалрдың айтуынша, ауыл-аймақ маңындағы жерлерді әркім иемденіп, сатып алған. Жекеменшікке өткен жайылым жерді мемлекет халыққа бірлесіп пайдалану мақсатында қайтарып бермекші. Мәжіліс депутаты Амангелді Дәуренбаевтың айтуынша, қазір елде 180 миллион гектар жер болғанымен, оның 82 миллион гектар жері ғана жайылымға пайдаланылып отыр. Мемлекет үлесіне жерді қайтарып беру жолдарын мәжіліс депутаты айтып берді.

Амангелді Дәуренбаев, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бұл, әрине, өте ауыр мәселе. Кезінде елдер ол жерді алып алды. Көбісі пайдаланып отыр. Енді бұл жерді ауылдың маңындағы орталық пайдалануға қайтіп алу, әрине, ауыр. Жаңа айттым ғой, сондықтан да сол жерді барып мемлекеттің мүддесінде тартып алуға тағы болмайды. Сатып алған бағасы болса, сол сатып алған бағасына кадастровый бағасына ақшасын беріп, қайтарып алу керек. Егер аренда тұратын болса, 10 гектар ма, 100 гектар ма, сол жерді басқа жерден тауып беру керек.