Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Антибатпақ» аяқкиім. «Антибатпақ» бағдарлама?

AstanaTV
23.12.2017ж. 20:00
2933
«Антибатпақ» аяқкиім. «Антибатпақ» бағдарлама?

Нарықта «антибатпақ» аяқкиімдер пайда болды. Сатушылар солай деп атапты. Жарнамасы шыққасын, біздің Алматыдағы тілшілеріміз фирмаға хабарласты. Басында келісті. Бірнеше күн созбақтап жүріп, ақыры түсіруге рұқсат бермей қойды. Су мен қардан, ең бастысы, батпақтан қорғайтын дүние аяқ киімнің сыртынан киетін қап. Табаны тайғанамайтын көрінеді. Жарнамадағы «лас аяқ киім егер сіз бойжеткен болсаңыз жігіттің, жігіт болсаңыз, бойжеткен алдындағы беделіңізге орны толмастай нұқсан келтіретіні де аян» деген жолдар... «супер» енді.

«Антибатпақты» не үшін әңгіме қылып тұрғаным түсінікті болар – тура мағынасындағы батпақ тіршіліктен қаншама мың адамның жақын арада құтылмайтынын білетін саудагерлердің пысықтығы «тәнті» етті. Балшық тіршіліктегі адамдар қуанып қалған шығар -  бір вариант шыққанына. Антибатпақ аяқкиімнің орнына антибатпақ бағдарлама қабылданғанша не заман? Жолдардың салыну қарқынын еске түсірсек, жөткірінесің. Жарайды, ащы әзілді қоя тұрсақ, нақ антибатпақ бағдарламасының болуы мүмкін емес. Ал антибатпақ аяқкиім нарықтағы өтімді тауарға айналуы бек мүмкін. Біздің осындай қапшық туралы хабарландыру сияқты материал дайындағанымыз – ирония үшін емес. Әлеуметтік сипаты үшін. Мектептегі кез есіме түсіп кетті -  аяқкиіміміз балшық болғасын білім ошағына кіргізбейді, сөйтіп етікті жалаңаш қолмен мұздай лай суға тазалайтынбыз. Ал мектепте қол жуғыш та болмайтын...