$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада сүрілген апатты ескі үйлердің орнына ботаникалық бақ ашылады

AstanaTV
29.12.2017ж. 20:00
4091
Астанада сүрілген апатты ескі үйлердің орнына ботаникалық бақ ашылады

Астанада сүрілген апатты ескі үйлердің орнына ботаникалық бақ ашылады. Ол жерде тропикалық өсімдіктер өсірілмек. Бұл туралы шаһар әкімдігінің медиа орталығы хабарлады, - деп жазады Қазақпарат.  Халықты астананы көгалдандыру мен экология мәселесі алаңдатады. Осы жылы Талдыкөл су қоры мен әуежай саңына жасыл желек егілді. Ал Астананың өзінде 30 мыңға жуық ағаш отырғызылды. «Астананың жасыл белдеуі» жобасы бойынша 2012 жылдан бастап 2 миллионнан астам көшет отырғызылды.

Қазір Астанада 10 саябақ, 4 бульвар, 95 гүл бағы бар. Оның бесеуі биыл ашылды. Бүгінге дейін шаһарға 24 мың ағаш, 12 мың жас көшет егіліп, қолдан су қоймасы жасалды. 42 мың шаршы метр веложол, 23 мың жүгірме жол, 86 мың шаршы метр тас төселген жол салынды. 2018 жылы ашылатын ботаникалық бақтың аумағында климаттық ерекшелігі бар шөл және тропикалық аймақтың өсімдіктері болады. Ерекше бақ Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ең сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде.