$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жекешелендіруден соң шыққан 168 жаңа мемлекеттік компания бөлудің нәтижесінде пайда болды - С. Жұманғарин

AstanaTV
18.01.2018ж. 20:00
2384
Жекешелендіруден соң шыққан 168 жаңа мемлекеттік компания бөлудің нәтижесінде пайда болды - С. Жұманғарин

Жекешелендіруге шығарылатын 168 нысанның қайдан пайда болғаны белгілі болды. Бұған дейін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі түсіндіріп бере алмаған ақпаратты бүгін оның орынбасары тәптіштеп берді. Серік Жұманғариннің айтуынша, инвентаризация кезінде жүзден астам кәсіпорын анықталған. Министрлік олардың кейбірін екіге бөлген. Үкімет отырысында министр Тимур Сүлейменов 2017 жылы 190 нысанның жекенің қолынан өткенін, оның орнына жаңа 168 мекеме пайда болғанын айтқан еді.

Серік Жұманғарин,  ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Біздің жоспарымызда 780 компания болды. Инвентаризация жасап, тағы 140 компанияны анықтадық. Оларды да тізімге қостық. Одан соң сатуға ыңғайлы болуы үшін, кейбір компанияларды екіге бөлдік. Сөйтіп тағы 28 компания пайда болды. Мәселен, апаттар медицинасының темір жол госпитальдарын бөлдік, оларды жекешелендіру үшін әр аймақта жеке госпиталь жасадық.