Депутат жұмысының басты көрсеткіші - сайлаушылардың арыз-шағымына дер кезінде үн қатып, түйткілді мәселені шешу. Астана қалалық мәслихатының депутаты Мадина Әжікенова атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға есеп берді. Әсіресе, балалар қауіпсіздігі басты назарда. Мектеп пен үйдің арасындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы жасанды жол кедергілері орнатылды. Сонымен қатар, депутаттың қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіп ашуына жол ашылған. Есеп беру кездесуінде депутат атқарылған істерді қорытындылап қана қоймай, тұрғындардың алдағы ұсыныстарына да құлақ асты. Үш жылдық жұмыстың есебін тыңдаған елордалықтар абаттандыру және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша сұрақтарына нақты жауап алды.
МАДИНА ӘЖІКЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Мүмкіндігі шектеулі жандарға кеңсе қажет болды, соны бізде Астана қаласында СПК арқылы өте тиімді бағамен кеңсе алып, міне, ол кісі өз ісімен жұмыс беріп адамдарға және өз ісін жүзеге асыруда. Оған қоса аялдама сұрақтары, абаттандыру мәселелері. 113 мектеп және 102 жайлы мектептер ашылып, балаларға білім алуға жайлы жағдай жасалуда.