Қостанайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер мен көппәтерлі үйлерді тиімді басқару тетіктері талқыланды. «AMANAT» партиясының «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында өткен өңірлік форум-семинарға Мәжіліс депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың мамандары және пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ көппәтерлі үйлерді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Әсіресе тұрғындармен диалог орнату мен тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударды.
АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Арнайы оқыту іс-шаралары өткізілетін болады. Үйлердегі мәселелерді шешу көбінесе заң аясында немесе арнайы тетіктерді түсінуге байланысты болып жатады. Бұл білім арқылы әртүрлі сипаттағы мәселелерді шешуге болады.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Шілде айына дейін әртүрлі формада жұмыс істеп жатқан пәтер иелерінің кооперативін қайта тіркеуден өткізу қажет. Заңда бұл рәсім барынша жеңілдетілді. Бүгінде процесс өте қарапайым, біз әріптестермен бірге осы мәселелерді тағы да талқыладық.