$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының мүшелері Батыр ауылы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

AstanaTV
30.04.2026ж. 19:00
«AMANAT» партиясының мүшелері Батыр ауылы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

«AMANAT» партиясының мүшелері Маңғыстау облысының Батыр ауылы тұрғындарымен  есептік кездесу өткізді. Партия өкілдерінің айтуынша, көтерілген мәселелердің 100 пайызы жергілікті деңгейде шешімін тапқан. Ауылдағы 156 шақырым жолдың бүгінде 50 пайызы асфальтталған. Биылғы бюджет қаржысының басым бөлігі Атамекен ауылындағы жерасты суы мәселесін шешуге бағытталмақ. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан 10 жылға жуық уақыт бойы көтеріліп келген. Партия өкілдерінің айтуынша, барлық түйткілді мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.

НҰРЛАН САРБАСОВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі таңда осы жасалған жұмыстар бойынша халық алдында жауап кездесуін өткіздік. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсы деп айтуға болады. Қойылған мәселелердің бәрі кезең кезеңімен заңға сійкес шешілу үстінде.