$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«ENBEK HUB – QYZYLORDA» жәрмеңкесінде 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

«ENBEK HUB – QYZYLORDA» жәрмеңкесінде 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

«ENBEK HUB – QYZYLORDA» жәрмеңкесінде 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Оның дені Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысынан. Дәстүрлі өңіраралық іс-шараға Абай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының жұмыс берушілері мен жергілікті кәсіпорындар қатысты. Ұсынылған жұмыс орындарының шамамен 70 пайызы кәсіптік-техникалық мамандықтарға тиесілі. Ұйымдастырушылар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету бағыттарында сұраныс жоғары екенін айтады.  Іс-шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы қолдау көрсетіп, партия алаңына жұмыс сұрап келген азаматтарды жәрмеңкеге бағыттап, олардың белсенді қатысуына ықпал етті. Аймақта соңғы 6 жылда 710 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударып, еңбекке қабілетті азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылған. Қоныс аударушыларға тұрғын үй, біржолғы қаржылай көмек және жалдау шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

АЗАМАТ ХАЛЫҚОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

78 вакансия алып келіп отырмыз, 550 квотамыз әзірленді. Абай облысына шақырамыз. Бізге тапшы механиктар тапшы, ауыл шаруашылығы қызметкерлер тапшы, автоэлектриктер тапшы. Кейбір ауылдарға ұстаздар қажет болып жатады. Мектепте бала саны аз ауылдарға шақырып жатырмыз.