$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көпқабатты үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

02.05.2026ж. 11:00
Көпқабатты үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды
Фото: Елорда инфо

1 мамыр күні 112 нөміріне Астана қаласындағы Ғабит Мүсірепов көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бір пәтерінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар төртінші қабаттағы пәтерде тұтанған өртті қысқа уақытта сөндірген. Өрттің аумағы шағын болғанымен, қауіпсіздік мақсатында тұрғындар эвакуацияланған.

Төтенше жағдай кезінде 25 адам, оның ішінде 7 бала өздігінен сыртқа шыққан. Құтқарушылар өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.