Ақтөбе тұрғыны өз анасын аяусыз соққыға жыққан. 35 жастағы ер адам үйіне мас күйінде келіп, анасын құрбысымен бірге отырғанын көреді. Алдымен қонақты жұдырықпен ұрып, кейін анасы араша түскен сәтте, ұлы оған да қол көтерген. Әйелді жерге құлатып, қабырғасынан тепкілеген. Сараптама оның екі қабырғасы сынғанын анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Алайда жәбірленуші анасы ұлын кешіріп, істі тоқтатуды сұраған. Сот ер адамды 400 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесті. Үкім жарияланғаннан кейін ол бірден қамаудан босатылды. Бұған дейін ол екі ай тергеу изоляторында отырған болған.