$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда үйінде есірткі өсімдігін өсірген ағайынды екі жігіт ұсталды

05.05.2026ж. 19:00
Оралда үйінде есірткі өсімдігін өсірген ағайынды екі жігіт ұсталды

Оралда үйінде есірткі тектес өсімдіктерді өсірді деген күдікпен ағайынды жігіттер ұсталды. Полиция дерегінше, олар баспанасын жылыжайға айналдырған. Ағайындылар үйінің астынан қазылған жасырын жертөлені желдету жүйесімен жабдықтап, жарық өткізген. Бұл жерден 7 түп өсімдік пен дайын өнім, түрлі құралдар және 14 миллион теңге тәркіленді. Ал екінші күдіктінің пәтерінен арнайы жабдықталған екі жылыжай-шатырдан 22 түп қарасора, түрлі ыдысқа салынған шөп пен қажет құралдар тәркіленген. "Бағбандықтың" қызығына түскен бауырлар ата-анасының да үйіне 560 сіріңке қорабы салынған қапшықты жасырыпты. Полиция дерегінше, тәркіленген заттардың құны 13 миллион теңгеге жуықтайды.

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жалпы тәркіленген есірткі көлемі 18-20 келі.  Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.