$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Солтүстік Қазақстан облысында құтыру ауруының ошағы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында құтыру ауруының ошағы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында құтырма ауруының ошағы анықталды.  Есіл ауданындағы Амангелді ауылы карантинге жабылды. Жергілікті тұрғын үй жануарының ерекше мінезін байқап, ветеринарлардың көмегіне жүгінген. Сала мамандары сараптама жасап, құтырма ауруын растады. Инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында шектеу шаралары енгізілді. Қауіпті аймақта ит пен мысық көрмелерін өткізуге, жануарларды сатуға және оларды елді мекеннен шығаруға тыйым салынды. Сауықтыру шаралары аясында дезинфекция жүргізіліп, 45 үй жануарына жұқпаға қарсы екпе салынды. Санитарлық эпидемиологиялық қызмет облыста адамдардың құтырма ауруына шалдығу дерегі тіркелмегенін жеткізді.

НАРИМАН ТАСБОЛАТОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шектеу іс-шаралары вакцинация жүргізілгеннен кейін 2 айдан кейін алынатын болады. Қазіргі уақытта эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жоспарлы, яғни ветеринарлық іс-шаралар орындалып жатыр.