Алматыда автобус парктеріне 13 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Экологтар тексеру жүргізіп, бірқатар автокөлік кәсіпорнында экологиялық талаптардың сақталмағанын анықтады. Екі автобус парктерінде зиянды шығарындылардың рұқсат етілген мөлшерден асқаны белгілі болған. Осыған байланысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы айыппұл салынды. Кәсіпорындарға заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді. Сонымен қатар, №3 автопарктегі 249 автобус тексеріліп, оның 50-інде катализатордың жоқ екенін анықталды.
ӘСЕЛ РАЙЫМБЕКОВА, ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ:
Жалпы Алматы қаласында 25 жекеменшік автобус парктері, сонымен қатар коммуналды парктер бар. Яғни, қазіргі таңда осы 2026жылдың наурыз айынан бастап 1969 автокөліктер тексеріліп, оның 1439-дан жоғарғысы жоғары нормадан жоғары шығарынды заттарын көрсетті. Яғни, дизельмен жүретін және бензинмен жүретін автобус көліктерінен жоғары шығарынды заттар көрсетілді.