Павлодар тұрғыны анасын ұрып өлтірді. Сұмдық оқиға Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ребровка ауылында болған. Қалаға асыққан 67 жастағы ер адам ұялы телефоны мен әмиянын жоғалтып алып, анасынан көрген. Екеуара сөзге келіп қалғанда баласы 89 жастағы қарт анасын ұрып құлатыпты. Қатты соққыдан кейуана сол жерде көз жұмған.
АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Б-ның жәбірленушінің қасақана өліміне әкеліп соқтырған кінәсі куәлердің айғақтарымен сот сараптамаларының қорытындыларымен сотта зерттелген басқа да, дәлелдемелермен дәлелденді. Сот сотталушы Б-ға қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеумен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.