$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада менталды арифметикадан қала чемпионаты өтті

AstanaTV
08.05.2026ж. 19:00
Астанада менталды арифметикадан қала чемпионаты өтті

Астанада менталды арифметикадан қала чемпионаты өтті. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырған жарыс «Бақытты отбасы» жобасы аясында UCMAS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп өткізілді. Зияткерлік додаға жүзден астам қатысушы қатысып, есептеу жылдамдығы мен ойлау қабілетін сынады. Чемпионаттың ерекшелігі - балалармен қатар ардагерлердің де қатысуы. Жарыс қорытындысында үздіктер дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

САНИРА ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Үш ұрпақ сабастастығы ең маңызды. Патриоттық сезімді көрсету, алцгеймер мен демен ауруларының алдын алу және де біздің партиялық жобаларды партиялық бастауыш ұйыммен біріктіріп бірге иық тіресіп жұмыс жасау.

ШАРИПА ӨЗТЕМІРОВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

«АМАNАТ» партиясы ұсынған менталды арифметикаға қатысты бастама көтерілген кезде, біздің зейнеткерлер бұл идеяны үлкен қызығушылықпен қабылдады. Бүгінде 20 адамнан құралған топпен осы олимпиадаға келіп отырмыз. Әрине, менталды арифметика сандар ғана емес, бұл ой-сананы дамыту. Ал біздің жасымызда мұндай жаттығулар пайдалы.