Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордадағы дарияның мұзын жару жұмыстары жүргізілмек

AstanaTV
07.02.2018ж. 20:00
3109
Қызылордадағы дарияның мұзын жару жұмыстары жүргізілмек

Қызылорда облысында тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдіктің дерегінше, алты шақырымдық қорғаныс бөгеті бұзылған. Өзен суы бөгетті 10 жерден жырып өткен. Осының салдарынан 700 гектардай егістік жер су астында қалды. Қазір Сырдария мұз құрсауында. Алайда, синоптиктер болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері ауа-райы күрт жылынуы мүмкін. Жаңбыр жаууы да ықтимал.

Серік Сермағанбетов, Қызылорда облыстық жұмылдыру басқармасы басшысы:

Сексендей адам, он Камаз, 2 экскаватор, 2 бульдозер техникалар жұмылдырылып, жұмыс жасауда.  Егер мұз кептелісі пайда болып, арнасынан су шығып кетіп жатқан жағдайда, біз мұз жару жұмыстарында жүргізетін боламыз.