Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда ескі баспана иелері үйлерді сүру жұмыстарының созылғанына алаңдаулы

AstanaTV
07.02.2018ж. 20:00
4058
Алматыда ескі баспана иелері үйлерді сүру жұмыстарының созылғанына алаңдаулы

Үйлерді сүру неге созылып кетті? Алматыда апатты деп танылған ескі баспаналардың иелері осыған алаңдаулы. Жетісу ауданындағы осыдан 60 жыл бұрын салынған екі қабатты тұрғын үйлер осыдан 30 жыл бұрын сүрілуі тиіс болған көрінеді. Бірақ түрлі себептермен әлі күнге созылып келеді. Қабырғасы қақырап, іргетасы сөгілген үйлерді бұзуға қатысты билік не дейді? Олжас Нұржақып білуге тырысты.

Қамыс пен каркастан тұрғызылған үйлердің әбден тозығы жеткен. 40 жылдан бері осында тұратын Дүрия әжей бір күні баспанамыз құлап қала ма деп қорқады. Қыста құбырлар қатып, әлекке салады. Ал, жазда ескі үйдің жыртығын жамаумен күніміз өтеді, дейді ол.

Дүрия Айжанова, Алматы қаласының тұрғыны:

Үйді өткізіп, қаншама адамдардың документтерін өткізіп, квартира береді деп істеген уақытта, заморозить етіп тастады. Содан тұрмыз мінекей күтіп.

Билік өкілдерінің «үй бұзылады, сіздерге жаңа баспана саламыз» деген сөзін асыға күтіп жүргендердің бірі - Зайра Темірғалиева. Өткен жылы бірігіп құжат та жинадық. Бірақ, содан бері еш әрекет болмады дейді.

Зайра Темірғалиева, Алматы қаласының тұрғыны:

Канализация іште болғанымен, үй құлап тұр. Төбемізді өзіміз жасадық. Жағдай жоқ. 

Жетісу аудандық әкімдігінің өкілдері ескі үйлерді сүру осы жылдың екінші тоқсанында қолға алынады деп отыр. Құрылыс компаниясымен келісімге отырған 10 үй кезекте тұр. Оларда 200-ден астам тұрғын бар. Сүру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақшы.

Қадірберген Құлтасов,  Жетісу аудандық әкімдігінің сәулетшісі:

Қазір бірінші үй салынатын жер анықталды. Сол жерге алдымен 9 қабатты бір үй салынады да екі үйден переселение жасаймыз. Бұл жерден пәтер береді. Сосын жаңағы екі үйді сүреміз де, ол жерден жаңа үй саламыз.

Олжас Нұржақып, тілші:

Аталған ауданда 115 ескі үй бар екен. Шенеуніктер алдымен салынатын 9 қабатты нысанның құрылысына бірнеше жыл уақыт кетеді деп отыр. Ал, 10 үй толықтай сүріліп олардың орнына көп қабатты тұрғын үйлер қашан салынып бітеді? Тұрғындар жаңа пәтердің кілтін қашан қолына алады? Ол жағы белгісіз. Белгілісі, жұмыс жоспары бекітіліп, инвестордың табылғаны ғана. 

Олжас НҰРЖАҚЫП