$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Отандық отыз шақты компания Ираннан серіктестер тапқан

AstanaTV
18.02.2016ж. 20:00
2286
Отандық отыз шақты компания Ираннан серіктестер тапқан

Инженерлік-техникалық қызметтер көрсететін отандық отыз шақты компания Ираннан серіктестер тапқан. «Қазақстандық компанияларды құшақ жайып күтіп отырған ешкім жоқ» деп пікір білдірген сарапшылардың сөзіне министр осындай жауап қатты.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Инежерлік-техникалық жұмыстармен айналысатын 30 шақты компания барып, серіктестер тапты. Оның ішінде «Жігер» мұнай-сервис», «Вентиляторлық зауыт». Бізде соңғы жылдары халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін компаниялар легі қалыптасып үлгерді.

10 жыл бойы санкциядан көз ашпаған ислам республикасы экономикалық еркіндік алған бетте, Қазақстан бірден байланыс орнатты. Қазір 80 млн халқы бар алып нарыққа металл, ет, бидай, құрылыс материалдарын экспорттау жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.