Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қаңтардағы қатты аяз салдарынан жылу бағасы әдеттегіден қымбат болады "Астана-теплотранзит"

AstanaTV
12.02.2018ж. 20:00
2360
Қаңтардағы қатты аяз салдарынан жылу бағасы әдеттегіден қымбат болады "Астана-теплотранзит"

Қаңтарда астаналықтар үшін жылу ақысы әдеттегіден көптеу болады. Бұған қатты аяз себеп. Бұл туралы "Астана-теплотранзит" акционерлік қоғамының бас инженері Забихолла Садықов мәлімдеді. Оның сөзінше, қаңтардағы сақылдаған сары аяз қосымша шығынды қажет еткен. Астанадағы барлық үйлер есептеу құрылғыларымен жабдықталған. Сондықтан еш кедергі болмайды дейді ол. Яғни тұрғындар тұтынған қызметіне ғана қаржы төлейді. Ал, "Астанаэнергосервистің" сайтындағы ақпаратқа сай, жылу энергиясын тарату бойынша тариф екінші жартыжылдықта ғана көтеріледі.  

Забихолла Садықов,  "Астана-теплотранзит" АҚ бас инженері:

Су температурасы 135-136 градусқа дейін көтерілген. Бұған, әрине, қосымша шығындар кетті. Көмір тасымалдау, жағармай дегендей. Ал, бағада еш өзгеріс жоқ, тек тұтыну көлемі ұлғайған соң, төлем бағасы да артты деген сөз.