Алматыда жан түршігерлік жол апаты болды. Оқиға Алатау ауданындағы құрылыс базарларының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Газель маркалы автокөліктің жүргізушісі жерасты бөлігінде қоймаға кіріп бара жатып 46 жастағы ер адамды қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.