Қазақстанда белгілі лауазымды тұлғалар мен құқық қорғау органдары басшыларының атын жамылып, азаматтардан қарызға ақша сұрайтын қауіпті интернет-алаяқтық белең алды. Олар мессенджерлерде жалған аккаунттар ашып, басшылар мен бұрынғы әріптестердің фотосуреттерін қойып қояды. Кейін түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды талап етеді. Ішкі істер министрі шұғыл ескертеді. Алдымен ақпаратты тексеріңіз. Жақын танысыңыз немесе басшыңыз ақша сұраса, хабарламаға сенбей, телефон нөміріне бірден қоңырау шалыңыз. Ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және құпия сөздерді бермеңіз. Себебі, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары ешқашан жеке хат-хабар арқылы ақша талап етпейді. Күмәнді жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.