$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда атышулы Kizdar.net сайтының ұйымдастырушылары ұсталды

AstanaTV
16.06.2026ж. 19:00
Алматыда атышулы Kizdar.net сайтының ұйымдастырушылары ұсталды

Алматыда атышулы Kizdar.net интернет-ресурсының қызметі тоқтатылды. Құқық қорғау органдары ресурстың қызметін ұйымдастырды деген күдікпен екі азаматты ұстады. Тергеу мәліметінше, сайт 2011 жылдан бері ақылы интим қызметтерді жарнамалау және ұйымдастыру үшін пайдаланылған. Прокуратура дерегіне сәйкес, күдіктілер сайт арқылы 2 миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Сонымен қатар, интернет-ресурс ай сайын 500 миллион теңгеден астам кіріс әкеліп отырған. Тінту барысында 144 миллион теңге қолма-қол ақша, 1,3 миллион доллардан астам қаражат, оның ішінде криптовалюта түріндегі активтер, сондай-ақ компьютерлік техника мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Бүгінде ұйымдастырушылар қолға түсіп, сот санкциясымен қамауға алыныпе, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС,ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Платформада интимдік қызмет көрсетуге арналған шамамен 9 мың анкета орналастырылған, олардың 500-ден астамы дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы адамдар мен трансвеститтердің анкеталары болған. Мұндай қызметтер жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыратын факторлардың бірі болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.