$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылорда облысы Арал ауданынан 2 ірі есірткі алқабы анықталды

Қызылорда облысы Арал ауданынан 2 ірі есірткі алқабы анықталды

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елдімекені маңынан 2 ірі есірткі алқабы анықталды. Бірінші алқапты тексеру барысында 1090 түп, ал екіншісінен 849 түп  қарасора өсімдігі анықталған. Сонымен қатар, оны суару мен күтіп-баптауға арналған арнайы құрал-жабдықтар, ерекше иісі бар шөп салынған бір пакет тәркіленген. Тергеу барысында алынған заттай дәлелдемелерге сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес тәркіленген өсімдіктердің қарасора тұқымдасына жататыны анықталды. Екі іс бойынша 6 күдікті қамауға алынды.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ  БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, «Қарасора-2026» іс-шарасы басталғалы Қызылорда облысында есірткі қылмысына қатысты 27 құқық бұзушылық дерегі анықталды.