$489.39 €567.5 ₽6.69
×

Үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды

Үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды

Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әкеге сот үкімі шықты. 26 жастағы ер адам қызының өзінен тумағанына күмәнданыпты. Осыдан кейін ол бүлдіршінді айлар бойы ұрып-соғып, тіпті орамалмен  төсекке таңып тастап отырған. Ал өткен жылы қыркүйек айында мас күйінде баланы бетон еденге лақтырып жіберген. Ауыр жарақат алған кішкентай қыз ауруханада көз жұмды. Сотта айыпталушы өз кінәсін ішінара ғана мойындады. Болған жағдайға өзі де қайғырып, азап шегіп жатқанын айтып, әйелінен кешірім сұрады.

НҰРЛАН АЙТБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігі негізінде түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеледі.