$486.47 €554.77 ₽6.26
×

ҰБТ-ға дайындаймын деп 32 адамды алдаған күдікті Албанияда ұсталды

29.06.2026ж. 13:00
ҰБТ-ға дайындаймын деп 32 адамды алдаған күдікті Албанияда ұсталды
Фото: Depositphotos.com

Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары интернет арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіру қызметін ұсынамын деген жалған ақпарат таратып, 32 азаматты алдаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 28 миллион теңгеден асты.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 2025 жылдың мамыр айында Албанияда ұсталып, елге жеткізілді.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс бойынша мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.