$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Трамп: «Маған неге ешкім әлі рахмет айтпағанын түсінбеймін»

Трамп: «Маған неге ешкім әлі рахмет айтпағанын түсінбеймін»

Венесуэлада бір апта бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 2595-ке  жетті. Үйінділер астынан құтқарылғандардың астына тірі табылғандар да бар. Трампқа өзінің қызметін асыра пайдаланып, Президенттігінің арқасында заңсыз байып жатыр деген айып тағылды. Ақ үй басшысы оны жоққа шығармады. Қатарда АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер басталды. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

3 жастағы бүлдіршін үйінді астында 6 күн бойы жатқан. Әлсіреп, ес-түссіз жатқан баланы құтқарушылар тауып алды. Дегенмен, жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны артуда. Соңғы ақпарат бойынша 2595 адам құрбан болған. Халық биліктің жұмысы сылбыр деп наразы. Бірақ, Президент қызметін атқарушы Делси Родригес мұнымен келіспейді.

ДЕЛСИ РОДРИГЕС, ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Зілзаладан кейін бір тәулік ішінде Доминика республикасы мен АҚШ-тан құтқарушылар келді. Әсіресе, Президент Трампқа алғысым шексіз. Жергілікті құтқарушылар да демалмастан, тәулік бойы жұмыс істеуде. Бар ресурс, әскерилер де жұмылдырылды. Жақындарынан айырылылған жандарды түсінемін. Десе де, біз де қолымыздан келгеннің барлығын істеп жатырмыз.

Трамп өз лауазымын пайдаланып, заңсыз байып жатыр. Соңғы кезде АҚШ Президентіне осындай айып тағылып жатыр. Ең қызығы, Ақ үй басшысы оны жоққа шығармады. Дегенмен, өзінің қатысы жоқ екенін айтып ақталуға тырысты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бар дәулетімді Президент болмай тұрып жинағанмын. Қазір, ол ақшаның барлығы менің жеке қорымда. Әлбетте, ақша құр жатпайды. Қызметкерлер, түрлі жерлерге инвестиция салады. Ал, менің одан сайын байып кеткенім – нарық пен қорлардың арқасы. Мәселен, сіздердің зейнетақы жинақтарыңыз дәл менің арқамда 85 пайызға өсті. Неге маған ешкім рахмет айтпай жатыр?

Қатар астанасы Дохада АҚШ пен Иран арасында келіссөз жүріп жатыр. Әдеттегідей, Пәкістанның делдалдығымен ұйымдастырылған саммитте Иранның ядролық бағдарламасы жеке талқылануда. Трамптың айтуынша, жақын арада жақсы жаңалық күтуге болады.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату және бейбіт мақсатқа бұру бойынша келіссөздер сәтті жүріп жатыр. Барлық келіссөздер бізді бейбітшілікке бір қадам жақындата түсуде. Себебі, Иранға 3 күн бойы бас көтерместей соққы жасадық. Ол да өз септігін тигізді. Қазір барлығы жақсы.

Соғыстың бірінші күні қаза тапқан Иран аятолласы Али Хаменеидің жаназасы енді басталды. Ел астанасы Тегеранда игі-жақсылар жиналып, ақтық сапарға шығарып салуға дайындалуда.