112 пультіне Медеу ауданының Мохнатка тауы маңында 17 жастағы жасөспірімнің аяғын қайырып алып, бағытын өздігінен жалғастыра алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел түрде аттанды. Көрсетілген ауданға жеткеннен кейін олар іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.
Операция барысында құтқарушылар жасөспірімді тауып, оның жағдайын тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті және қауіпсіз жерге жеткізді.
Зардап шегуші Медеу бөгетіне дейін түсіріліп, сол жерде ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының жедел медициналық бригадасына тапсырылды.