$477.11 €545.58 ₽6.2
×

Өртке оранған қоймадан құтқарушылар бес оттегі баллонын алып шықты

14.07.2026ж. 02:12
Өртке оранған қоймадан құтқарушылар бес оттегі баллонын алып шықты
Фото: ТЖМ

Өрт 650 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері Орджоникидзе көшесінде орналасқан жеке тұрған қойманың шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан қоймадан көлемі 80 литрден болатын 5 оттегі баллонын алып шығып, қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша ықтимал қауіпті салдардың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары, Жедел-құтқару жасағының және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сондай-ақ полиция, жедел медициналық жәрдем және авариялық газ қызметінің мамандары жұмыс істеді.