Өскемен халқы олимиада жүлдегері Юлия Галышеваны қарсы алды. Батыр қызды күтіп алуға шахар әуежайына келгендердің көңіл күйі көтеріңкі. Туған қаласында оған керемет от шашу әзірлеп қойған. Ал, жанкүйерлері көкке шарлар ұшырып, спортшымен суретке түсуге асықты.
Алайда спортшы қыз жеңісті тойлап жататын уақыт жоқ дейді. Қазір могулистер үшін нағыз қолайлы маусым. Сәуірде аз-маз демалып, артынша жаңа чемпионаттарға дайындық жалғасады. Галышева келер олимпиадаға міндетті түрде қатысамын деп отыр. Ол өзіне Канада мен Ресей тарапынан ұсыныс болғанын да жасырмады.
Юлия Галышева, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:
Маған
Сочи олимпиадасы алдында Канадада қалу туралы ұсыныс болған. Алайда мен бұл
ақылға қонымсыз екенін түсіндім. Ресей де ұсыныс жасады, бірақ бас тарттым. Мен
өз отаным, Қазақстанның атынан шыққым келді. Себебі қанша жыл осында тер
төктім, сондықтан медальға Қазақстан ғана лайық еді. Кореяда жүргенде
жеңісімді аса сезінбеген едім. Алматыға қона салып, қуанышты жанкүйерлерді
көргенде, өзгеше көңіл күйде болдым.