$473.4 €539.39 ₽6.07
×

Алматыда Гао Фу атындағы халықаралық зертхана ашылды

AstanaTV
27.07.2026ж. 19:00
Алматыда Гао Фу атындағы халықаралық зертхана ашылды

Алматыда ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен «One Health» зерттеулер орталығын ашты. Іс-шара аясында Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Чжэцзян университеті және Қытай ғылым академиясының Микробиология институты арасында төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ академик Гао Фуға Ұлттық ғылым академиясының шетелдік академигі мәртебесін беру және Қазақстан–Қытай ғылыми ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды. Жаңа зертхана биологиялық қауіпсіздік пен микробиология саласындағы халықаралық зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді.

ПІРІМҚҰЛ ИБРАГИМОВ, ҚАЗҰАЗУ РЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл орталық тек қана Қазақстанға емес, жалпы Орталық Азияда да өзінің жұмысын жалғастырады. Болашақта осы біздің ғалымдардың маман дайындау, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Бірігіп бірлескен ғылыми жобалар, ең бірінші кадр дайындау мәселесі, сонымен қатар вакцина жасау. Өздеріңізге мәлім көп аурулар жануардан малға тарайды. Өйткені жануар арқылы адамдарға тарайды.