$473.4 €539.39 ₽6.07
×

Алакөл көлінде құтқарушылар екі демалушыны қауіпсіз жерге жеткізді

28.07.2026ж. 15:16
Алакөл көлінде құтқарушылар екі демалушыны қауіпсіз жерге жеткізді
фото: gov.kz

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің акваториясын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары Абай облысы Полиция департаментінің Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлерімен бірлесіп екі азаматты құтқарып, жағаға жеткізді.

Азаматтар катамараннан суға түсіп, өздерінің физикалық мүмкіндіктерін дұрыс бағаламай, жағаға өздігінен жете алмаған.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: суда қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар, өздеріңіздің физикалық мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыздар, құтқару кеудешесінсіз жағадан алысқа жүзбеңіздер, белгіленген буйлардан аспаңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және тек арнайы жабдықталған шомылу орындарында ғана демалыңыздар.