$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Жамбыл облысында ер адамды атып кетті

03.08.2026ж. 15:00
Жамбыл облысында ер адамды атып кетті
фото: polisia.kz

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылында 1 тамыз күні түнгі сағат үш шамасында ер адамды белгісіз біреулер атып кетті. 

Бұл іске қатысты полиция тергеу басталғанын хабарлады. 

«Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмысты жан-жақты, толық тергеп-тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделеріне байланысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.