$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды емханасындағы анестезиолог маман 2016 жылы лицензиясыз жұмыс істеген

AstanaTV
27.02.2018ж. 20:00
3034
Қарағанды емханасындағы анестезиолог маман 2016 жылы лицензиясыз жұмыс істеген

Қарағандылық анестезиолог дәрігер жазалануы тиіс. Осылай деген адвокат Төлеубай Мусин бұған дейін осы маманның қолынан 13 жасар қыз бала қаза тапқанын мәлімдеді. Бірақ дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын айтып отыр. Тілшіміз Айжан Қуаш мән-жайды білді.

Айжан Қуаш, тілші:

13 жасар жасөспірім қыз 2016 жылы тіс емханасындағы екпеден соң қаза тапқан. Бала ата-анасының қорғаушы Төлеубай Мусиннің айтуынша, оның өліміне анестезиолог маманның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жетерлік. "Ол - дәрінің мөлшерінің көп болуы мен анестезия жасауға рұқсат құжатының жоқтығы. Алайда, құқық қорғау орындары бұл деректерді ескермеді",-  дейді адвокат.

Төлеубай Мусин, қорғаушы:

Наумова жаңағы врач-анестезиолог уколдар салған баланы жатқызып қойып. Судмедэскперттің қорытындысында анафилактический шоктан өлген дейді. Жаңағы балаға анестезиология жүргізетін қызметке лицензия алады екен. Олар бұнда болмаған. Бүгінгі таңға дейін, міне, екі жылдан асып кетті Наумованы әлі жауапқа тарта алмадық.

Қылмыстық іс 2016 жылы тек дәрігер қызмет атқарған емхана директоры Ерлан Анашбаевқа қатысты ғана қозғалған. Ол заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге құжаттарды заңсыз беру не оларды қолдану бабымен айыпталған. Мұны да адвокат айтты.

Төлеубай Мусин, қорғаушы:

«Оның директорын жауапқа тарттық, тура осы статья. Мойындады, ағынан жарылды. Сосын 2 млн әлгі өзінің моральный вредін төлеп, сонымен біз амнистияны оған қолдануға рұқсат бердік» .

Ал тіс емханасының директоры Марина Наумованың биыл ақпан айының басына дейін жұмыс істегенін айтты.

Ерлан Анашбаев, «BABY DENT» тіс емханасының директоры:

Наумова 2014 жылдан бастап жұмыс істеді. Биыл ақпан айының басында қызметінен босаттым. Өйткені екеуміздің науқастарды қарап, емдеуге қатысты көзқарастарымыз сәйкес келмейді.

Демек, Марина Наумованың басқа емханаға орналасқанына бір апта ғана болған. Ал 1 жас 8 айлық ресейлік бүлдіршін осы тіс емханасында жан тапсырған еді. 

Айжан Қуаш, тілші:

Бүгінде ҚК-тің 317-інші, яғни «медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен жоспардан тыс тексеру басталған. Алайда, істің анық-қанығын құқық қорғау орындары әзір ашып айтпай отыр.

Айжан ҚУАШ