Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен үй алған тұрғындар 3 айдан бері газсыз отыр. Әр шаңырақ электр плитасына тәуелді. Коммуналдық мекемелермен де келісімшарт әлі жасалмаған. Мәселе қашан шешіледі? Өңірдегі тілшіміз Жанар Датқызы анықтап көрді.
Бұл - Есет батыр-4 тұрғын алабынындағы №25ші үйдің тұрғындары. Дені мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және жалғыз басты аналар. 10-15 жылдап күткен баспаналарына көшкелі 3 ай. Жаңа үйдің суы мен жарығы бар. Бірақ ас-суын электр плиткасымен әзірлеуге мәжбүр.
СЕРІК ҚҰЛМЫРЗА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Патрондар бар ғо, свет жағатын, солар атылып кетіп жатыр. Қазір стеновой дұрыс неғылмаған. Кеше автоматтан қарасам, жаңағы не дейді-ұйымы болады ғо ана тоқтың, енді электрик шақырсақ келмейді-біз неғылмаймыз деп. Мына 2 жыл гарантия берген үйі.
САЛТАНАТ ЖИЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Светпен тамақ істеп отырық, барлығы. Ол қаншама, көпбалалы аналарға біраз ақша. 3 айда жиналады, ертең мен білмеймін қандай сумма келеді.
СЕРІК ОРАЗОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Электричество қымбат. Ол дейтін бәрі счетчик мотать етіп жатыр. Былай қарасаң уже адамдарға, семьяларға қаражаттары көп болып шығатын болып жатыр.
Ал әкімдік өкілдері газдың әдейі кешіктіріліп отырғанын жоққа шығарады. Мамандардың айтуынша, қазір инженерлік желілердің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр.
САПАРМҰРАТ БАЙМҰРАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жаңа нысан болғандықтан, барлық инженерлік желілерді кезең-кезеңімен тексеріп жатырмыз. Қыс мезгілінде жылу берілген кезде ешқандай мәселе туындамауы үшін газ құбырларына опрессовка жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша газ келесі айға дейін қосылады.
Бұл-мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болғандардың жалғыз мәселесі емес. Тұрғындардың тағы бір мұңы - тұрмыстық қалдықтардың шығарылмауы.Апта сайын 20 мың теңге төлеп, арнайы көлік жалдап, тұрмыстық қалдықтарын тасымалдайды. Жұрттың талабы жалғыз, ол- мәселесін созбалаңға салмай, тиісті жұмыстар тезірек аяқталса дейді.