Елордада су шығынын азайтуға бағытталған жобалар қарқын алды. Тозығы жеткен су мен канализация желілерін қайта тартуға 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Жалпы «Энергетикалық және коммуналдық секторды модернизациялау» ұлттық жобасы аясында 10 бірдей ауқымды бастама қолға алынды. Олар тұрғындарға тіршілік көзін үздіксіз жеткізіп, желідегі апатты жағдайларды барынша азайтуды көздейді. Сондай-ақ смарт-жүйелер мен арнайы мобильді қосымшалар енгізіліп, ақауларды жою уақыты барынша қысқармақ.
ҚУАНЫШ БӨРІБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Осы ұлттық жобаның аясында бүгінгі күні бізде 10 жоба алдағы уақытта тәмамдалуға дайын тұр. Оның қазіргі уақытта екі жобасы жасалып жатыр. Ол екі жобаның біреуінің жұмыс қарқыны жақсы жүріп жатыр. Ол Алаш көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі су құбырын жаңғырту болып есептеледі. Яғни техникалық судың құбырын жаңғырту болып есептеледі. Қазіргі уақытта жұмыс қарқынды жүріп, осы 52%-ға біз жұмысты аяқтап отырмыз.