"Қасиетті
жол" қайырымдылық қоры батыс өңірінде оңалту орталығын ашпақ. Бұл қор
жағдайы төмен отбасындағы сал ауыруына шалдыққан балаларды тегін емдейді. Есеп
беру кешінде қор құрылтайшысы Шолпан Нұрымбетова қазір орталықтың батыс
өңірінің қай аймағында ашылатыны қарастырылып жатқанын айтты.
Бұл қордың 4-ші
орталығы болмақ. Өткен жылы сал болып қалған балалар басын ұстап, еңбектеп,
тіпті кейбірі тәй-тәй басып кеткен. Сондай бүлдіршіннің бірі - Мұхамеджан. Қиын
дерттен айыққан 5 жасар баланың бүгін тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылар:
"Бүлдіршіндердің осылай аяққа тұрып кетуіне кез-келген адам үлес қоса
алады", - дейді. Ал балаларға ерекше қолдау көрсетіп келген демеушілерге
алғыс айтылды. Оның ішінде "Астана" телеарнасы да бар.
Шолпан Нұрымбетова, «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы:
Біз биыл 1500 балаға көмектесіміз деп жоспарлап отырмыз. Оларға кез-келген қазақстандық көмек бере алады. Ол үшін елде тұратын 17 млн адамның 8 миллионы белсенді болып, олардың әрбірі қорға бір күнде 1 теңгеден немесе бір жылда 365 теңге құйса, елдегі 19 мың балаға көмектесе алар едік. Ол үшін «Қасиетті жол» мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.
Арайлым Еркінова, «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы:
Қазақстанда
қазір 3 орталық ашылды. Біріншісі - Астана қаласында, айына 50 балаға тегін
көмек көрсетеміз. Және «Балапан» орталығы бар. Үшіншісі Шымкент қаласында
ашылды. 2017-ші жылы 973 балаға көмек көрсетілді.