$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Батыс Қазақстанда автобус өртенді: ішінде 37 жолаушы болған

09.08.2026ж. 23:29
Батыс Қазақстанда автобус өртенді: ішінде 37 жолаушы болған
Фото: видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жолаушылар автобусы өртенді.

8 тамыз күні кешкі уақытта кезекші пультіне Самара – Шымкент автожолының Шалқар көліне бұрылатын тұсында көлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Автобуста 37 жолаушы болған. Барлығы эвакуацияланған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өрт жедел кезекші пультіне түскен хабардан кейін оқиға орнына БҚО ТЖД қызметкерлері жіберілді. Өрт сегіз маман мен екі техника бірлігінің көмегімен толық сөндірілді», – деп хабарлады ТЖД.