$469.93 €541.64 ₽5.71
×

«Қайрат» Швейцарияда «Бенфиканы» жеңіп, чемпион атанды

10.08.2026ж. 05:38
«Қайрат» Швейцарияда «Бенфиканы» жеңіп, чемпион атанды
Фото: “Қайрат” ФК

Алматылық «Қайраттың» 17 жасқа дейінгі командасы Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында өткен Inclusion Cup халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды,- деп хабарлайды 1Бол!

Жасөспірімдер арасындағы турнирдің финалында қазақстандық футболшылар португалиялық «Бенфика» командасымен кездесті. Тартысты өткен ойын «Қайраттың» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голын Роман Черноморец соқты. Осылайша, алматылықтар қарсыласынан басым түсіп, халықаралық турнирдің басты жүлдесін иеленді.

«Қайрат» U-17 жарысты өте сәтті өткізді. Топтық кезеңде команда үш кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-оффқа бірінші орынмен шықты. Ал жартылай финалда алматылықтар немістің «Вердер» клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.