Қарағандыда 2016 жылы 12 жасар балаға анестезия жасаған дәрігерге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды. Осы ем шарадан соң қыз бала көз жұмған еді. Бұл туралы "Астана" телеарнасына облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшылығы мәлімдеді. Екі жыл бұрын тісін емдетем деп дәрігерге келіп, ажал құшқан баланың өліміне қатысты іс сотқа жетпей тоқтаған. Өзге ақпарат әзірге жарияланбай отыр. Тек бұл істің 2 жасар Семен Арзамасцевтің өлімінен соң қайта қозғалғаны белгілі болды. Санитар дәрігерлер, тергеу аяқталғанша дәрігердің емдеуге рұқсат беретін сертификатының күшін тоқтатуды сұрап, сотқа арызданбақшы.
Ольга Смирнова, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Қылмыстық істер әлі аяқталмағандықтан, біз ол дәрігердің сертификатын қайтарып ала алмаймыз. Тек сот арқылы уақытша тоқтату үшін, арыз дайындап жатырмыз.
Еске салсақ, 1 апта бұрын
Қарағандыдағы емханалардың бірінде 1 жас 8 айлық Семен Арзамасцев қайтыс
болған. Анестезиолог сәбиге екпе салған соң артынша жағдайы нашарлап, ақыры 14
сағаттан соң көз жұмады. Қазір дәрігер жұмыс істеген емхана жұмысы уақытша
тоқтатылды. Мекемені арнайы комиссия тексеріп жатыр.