$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бишімбаев сот алдында соңғы сөзін сөйледі

AstanaTV
02.03.2018ж. 20:00
2760
Бишімбаев сот алдында соңғы сөзін сөйледі

Қуандық Бишімбаев өзін ақтауды сұрады. Бүгін ол сот алдында соңғы рет сөз алды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі қылмыс жасамағанын, оған ешқандай дәлел жоқ екенін түсіндірді. 4 айға созылған атышулы іске төрелік еткен судья Әділхан Шахисламов үкімді 14 наурызда шығармақ.

Қуандық Бишімбаев, айыпталушы:

Елбасының үмітін ақтай алмағаным үшін Президенттен кешірім сұраймын. Маған тағылып отырған қылмыстарды жасаған жоқпын. Оған дәлел де жоқ. Маған тергеу кезінде бірнеше рет кінәңізді мойындаңыз, жеңіл жаза аласыз деп, ұсыныс жасады. Жасамаған әркеттерді жасадым деп қалай айта аламын? Құрметті судья, мені ақтауыңызды сұраймын.

Бұған дейін прокурор экс-министрді айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа "аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу" баптарымен айып тағылды. 265 томнан тұратын іске Қуандық Бишімбаевтан өзге 22 адам жауапқа тартылып отыр.